Ерлан Саиров: әкімдер «Nur Otan» партиясы праймеризінің әділ өтуіне кедергі жасамауы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жергілікті әкімдер «Nur Otan» партиясы праймеризінің әділ өтуіне қысым жасамауы тиіс. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Саиров жария еткен «Nur Otan» партиясы жақтастар лигасының үндеуінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз жол айрығында тұр. Біз демократияға, әділеттікке және теңдікке деген терең сұраныс туындаған заманда өмір сүріп жатырмыз. Саяси реформалардың әлеуметтік, трасформациялардың қажеттілігі бүгінгі тұрмыстың басты аспектісі. Өйткені, елді сақтап және жетістіктерді арттырудың басқа баламасы жоқ. Сондықтан ең бірінші жергілікті жердегі әкімдер жұмыс стилін өзгертуі керек», - делінген Ерлан Саиров Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында жариялаған үндеуде.

Оның атап өтуінше, көптеген әкім әлі де командалық басқарушылық әдістермен жұмыс істейді және қоғамдық пікірді ескергісі келмейді.

«Ал бүгінгі таңда праймериз бұл - жастар үшін мүмкіндіктер терезесі. Сондықтан біз осы әртүрлі деңгейдегі әкімдерді праймеризді әділ және шынайы өтуіне үлес қосуға және әкімшілік, әміршілік ешқандай қысым жасамауға шақырамыз. Егер ондай қысым болса, онда «Nur Otan« партиясының жақтастар лигасы партияға сондай әкімдерді, шенеуніктерді партиялық тұрғыда жазалау әрі партиядан шығару туралы ұсыныс енгізетін болады», - деді саясаттанушы.


Соңғы жаңалықтар