Ерлан Қарин: Ұлттық кеңестің бесінші отырысы ақпанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы қашан өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
«Президент тарапынан бастамалар көтерілді. Ендігі жұмыс бізде - сарапшыларда, әр саладағы мамандарда. Бұл бастамаларды жан-жақты зерттеп, оны шынайы әрі нақты мазмұнмен толықтыруымыз керек», - деді Ерлан Қарин елордада өтіп жатқан «Президенттік жаңа саяси реформалар пакеті» атты дөңгелек үстелде.
Оның айтуынша Президенттің бұл мәлімдемесі - реформалардың үшінші пакеті деп аталғанымен, аталмыш бастамалар шегіне таяп қалды дегенді білдірмейді.
«Талқылау жалғасады. Талқылау орталығы - бүгінгі таңда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі. Соның отырыстарында нақты ұсыныстар пысықталады. Қазіргі уақытта Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысына дайындық жүргізілуде. Ол ақпан айында өтеді. Бесінші отырыста жаңа бастамалар жарияланады», - деді ол.
- Алматыда Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы талқыланды
- Роман Скляр мұнай-газ химиясындағы инвестициялық келісімдерді әзірлеуді бақылауға алуды тапсырды
- Биыл жаңартылған энергия саласында 23 жоба іске асырылады
- 2021 жылдың наурызынан мұнай өнімдерін тауарлық биржа арқылы сатуды қамтамасыз ету керек – Роман Скляр
-
Роман Скляр: Биыл «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбыры реверсінің құрылысын аяқтау қажет
-
Қазақстанда мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам