Ерлан Қарин Ұлттық кеңес туралы Youtube-канал ашты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ұлттық кеңестің жұмысы туралы ақпарат беріп отыратын Youtube-канал ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Каналдың алғашқы бағдарламасында Ерлан Қарин «Ұлттық кеңес қалай және қашан құрылды? Оның құрамы қалай анықталды? Ұлттық кеңестің маңызы неде?» деген сияқты сұрақтарға толыққанды жауап береді.
«Бірқатар әлеуметтік желілерден Ұлттық кеңестің күнделікті жұмысы туралы әңгімелейтін парақшалар ашылған. Дегенмен бізге әлі де көп сұрақтар қойылып жатыр. Мысалы «Ұлттық кеңес мүшелеріне жалақы төлене ме?» деген сұрақ қойылды. Және «ол Парламенттің жұмысын қайталамай ма?» деген мәселе де желіде қызу талқыланды. Сондықтан біз Ұлттық кеңестің жұмысы, қазіргі бағыты туралы жан-жақты мәлімет беруді жөн көрдік», - дейді Ерлан Қарин.
- Ақтөбеде жол ережесін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жүйе жұмыс істеп тұр
- Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылады
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды
-
Нидерландыда коменданттық сағат тәртібін бұзғандар жазаланды
-
2020 жылы әкімшілік істер бойынша қанша айыппұл салынды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам