Ерлан Қарин: Саяси реформалардың президенттік топтамасы қарқынды жүзеге асырылу сатысында

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин танымал саясаттанушы Андрей Чеботаревтің авторлығымен жарық көрген «Қазақстандағы реформалар: Ниеттен іс-әрекетке» сараптамалық баяндамаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл баяндама соңғы уақытта елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен реформаларға арналған. Аталған реформалардың жүзеге асырыла бастағанына 1,5-2 жыл болғанына қарамастан оның қаншалықты ауқымды екенін байқауға болады», - деді ол.

Осы ретте Ерлан Қарин саяси реформаларға айрықша мән беріп өтті.

«Елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайында аздаған мәлімет беріп өтсем деймін. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси реформалардың үш топтамасын ұсынғаны белгілі. Бірінші топтама 2019 жылдың желтоқсанында, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысында ұсылынған еді. Мемлекет басшысы екінші топтаманы 2020 жылдың қыркүйегіндегі Жолдауында жария етті. Ал осы жылдың қаңтарында, жаңа Парламент сессиясының ашылуына сөйлеген сөзінде Президент саяси реформалардың үшінші топтамасын ұсынды», - деді Президент көмекшісі.

Оның атап өтуінше, Ұлттық кеңес жұмысының аясында саяси реформалардың бірінші топтамасы толық жүзеге асырылды.

«Бұл - саяси партиялар үшін тіркеу кедергілерін төмендету, партиялық сайлау тізіміне әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізу, жиналыстар туралы мүлдем жаңа заң қабылдау, жала жабу туралы бапты декриминализациялау және ҚР ҚК 174-бабын ізгілендіру, сонымен қатар өлім жазасын алып тастау. Толықтай алғанда, саяси реформалардың бірінші топтамасы бойынша 8 реформа қабылданды. Қазіргі уақфтта саяси реформалардың екінші және үшінші топтамасыз белсенді жүзеге асырылу сатысында тұр», - деді Ерлан Қарин.


Соңғы жаңалықтар