+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Ерлан Қарин: Президенттік кадр резервінен 164 адам мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істейді

2020 жылғы 5 қараша 11:01
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин: Президенттік кадр резервінен 164 адам мемлекеттік басқару жүйесінде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта Президенттік жастар кадр резервінен 164 адам мемлекеттік басқару жүйесінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Қазіргі уақытта Президенттік жастар кадр резервінен 164 адам мемлекеттік басқару жүйесінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істеп жатыр. Орталық мемлекеттік органдарда - 90, жергілікті органдарда - 41, ұлттық компанияларда және басқа ұйымдарда - 33 резервист бар, 12 резервист - жоғары басшылық лауазымдарда өзін дәлелдеуге мүмкіндік алды», - деп жазды ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Telegram каналында.

Оның айтуынша, барлық резервшілер үшін олардың кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігін қосымша арттыратын жеке даму жоспары жасалды.

«Мемлекеттік басқару академиясында оларды оқытып, Президент әкімшілігінің, орталық мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесулер ұйымдастырылады. Жастардың кадр резервін құруды Мемлекет басшысы өткен жылы сайлауалды тұғырнамасында көтерген болатын. Жоба өзінің тиімділігін көрсетіп отыр», - дейді ол.

Оның айтуынша, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі аясында Президенттің тағы бір маңызды бастамасы – партиялық сайлау тізіміне жастарға 30% квота енгізу болған. Осы норманы енгізудің нәтижесі алдағы парламент пен мәслихаттарға сайлау қорытындысында көрінуі тиіс.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде Президенттік кадр резерві құрылатынын мәлімдеді. Қ.Тоқаевтың Жарлығымен ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия құрылды. 2019 жылы қыркүйекте Президенттік жастар кадр резервіне өтінім қабылдай бастады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT