+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Ерлан Қарин Мәжілісте жерге қатысты заң жобасының мақұлдануы туралы пікір білдірді

2021 жылғы 7 сәуір 15:23
Бөлісіңіз:
Ерлан Қарин Мәжілісте жерге қатысты заң жобасының мақұлдануы туралы пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Мәжілісте жерді шетелдіктерге беруге біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасының бірінші оқылымда мақұлдануына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда жыл басынан бері талдарды заңсыз кесу бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған Бизнесті заңсыз тексеруден қалай қорғауға болады Қазақстандықтар полицияға өз еріктерімен 53 мың қару-жарақ тапсырды

«Шетелдіктерге және өзінің үлесінде шетелдік қатысуы бар заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде тыйым салуды қамтыған Призиденттік заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымнан өтті. 2021 жылдың 12 наурызында Президент ретінде заң шығаруға бастамашылық ету құқығын пайдаланып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске аталған заң жобасын енгізді. Жұмыс тобының 3 отырысы (18,29 мамырда және 5 сәуірде), сондай-ақ Аграрлық мәселелер комитетінің кеңейтілген отырысы (30 наурыз) өтті. Осы пікір алмасуларға қатысушылар құжатты толықтай қолдады және Мәжілістің жалпы отырысына шығарылды», - деп жазды Е. Қарин Telegram парақшасында.

Осы орайда ол бүгін өткен жалпы отырыста заң жобасы бірінші оқылымда қаралғанын еске салды.

«Заң жобасының негізгі ережелерін Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров таныстырды. Талқылау қорытындысы бойынша Мәжілістің барлық фракцияларының депутаттары құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Енді заң жобасы екінші оқылымда қаралатын болады», - деді Е. Қарин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT