Ерлан Қарин Қазақстанның БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесінің құрамына кіруіне қатысты пікір білдірді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин еліміздің БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына кіруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«14 қазанда БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен Қазақстан 2022-2024 жылдары БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің құрамына кірді. Аталған кеңеске Қазақстанның мүше болып сайлануы – құқық қорғаушыларымыз бен мемлекеттің адам құқығын қорғау саласында күш-жігерін мойындауы. Қазақстан кандидатурасын қарау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдаулары мен Жарлықтарында белгілеген, қабылданып жатқан барлық іс-шаралар ескерілді. Мемлекет басшысының өткен жылғы және осы жолғы Жолдауларында құқық қорғау тақырыбы жеке бөлім болды. Ал осы жылдың маусымында Президент құқық қорғау саласын кешенді жаңғыртуға бағытталған «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы жекелеген іс-шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram каналында.

Оның атап өтуінше, Қазақстаның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің жұмысына қатысуы мемлекеттің мұнан ары да құқық қорғау мәселелеріне назар аудара отырып, адам құқықтарын қорғау саласындағы өзге де көптеген проблеманы мұнан ары өзектендіріп, шешуге септігін тигізеді.



Соңғы жаңалықтар