Еркін күрестен Нұрислам Санаев Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың алғашқы күнінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде балуандар кілемге шықты.

Қазақстан құрамасынан Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесу 7:0 есебімен отандасымыз Нұрислам Санаевтың еншісіне шешілді.

1/8 финалды сәтті аяқтаған Нұрислам Санаев ширек финалда әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.

Фото: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Соңғы жаңалықтар