Еркін күрес: 120 келі салмақ дәрежесінде қазақ балуаны Азия чемпионы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық балуан Нью-Делиде өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында жеңімпаз болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

120 келі салмақ дәрежесіндегі финалдағы белдесуде қазақстандық Юсуп Батырмурзаев моңғолиялық Худербулга (Күдербұлға) Доржхандты 10:0 ұпаймен жеңді. Ол жартылай финалда ирандық Парвиз Хадибасманжды, ширек финалда үндістандық Сатендерді ұтты. Осылайша, еркін күрестен Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті.


Соңғы жаңалықтар