+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Еркін Базарханов «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

2021 жылғы 29 шілде 18:48
Бөлісіңіз:
Еркін Базарханов «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы болып Еркін Базарханов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы сайланды Павлодар облысындағы Май ауданында әкім ауысты Қызылорда облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бұл жайында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында мәлім етті.

«Еркін Базарханов еңбек жолын бұрынғы Талдықорған облысында бастаған. Жеке құрылымдарда, мемлекеттік органдарда, соның ішінде орталық және жергілікті атқарушы органдардың аймақтық бөлімдерінде, ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған. «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Қашқынбаев өз еркімен қызметтен кетті» деп жазды ол.

Айта кетейік, «Қазтеміртранс» АҚ - ҚР жүк вагоны паркінің ірі операторы. Компания жүк вагондарымен қамтамасыз ету, темір жол көлігін жалға беру, металл жиынтықтарын сақтау және пайдалануға берумен айналысады.

Еркін Базарханов бұрынғы Талдықорған облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Тұран» университетін, «тарих және қоғамтану пәнінің оқытушысы», «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Алматы облысы Үштөбе қаласы «Самал» шағын кәсіпорнының директоры болып бастаған.

Түрлі жылдары әртүрлі мемлекеттік қызметтерді атқарған. 2009-2013 жылдары Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімінің орынбасары болған.

2013 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Темірязев ауданының әкімі болып жұмыс істеген. ҚР Президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT