Еріктілерімізді мақтан тұтамын – Қазақстан Президенті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында осылай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлер жылы деп жарияладым», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қ.Тоқаев еліміз волонтерлерін мақтан тұтатынын жазды.
«Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!», - деп атап өтті ҚР Президенті.
- Елордада жас сарбаздар әскери ант қабылдады
- Алексей Цой Мемлекет басшысына елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады
- Президент: Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау
- Ақмола облысы: Жастарды қолдау - басты назарда
-
Ресейдің Қазақстандағы елшісі ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
-
Президент Жамбыл облысының әкімін қабылдады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам