Ерболат Досаев биылғы инфляцияның болжамды шегін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев биылғы инфляцияның болжамды шегін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылға арналған жалпы ішкі өнімнің нақтыланған болжамы Ұлттық банктің бағалауына сәйкес келеді. Нақты динамика мен қалыптасқан сыртқы факторларды ескере отырып, біз болжамымызды осы жылдың қыркүйегінде жария еттік. Оған сәйкес 2020 жылы ЖІӨ 2,0-2,3% пайызға төмендейтінін болжап отырмыз», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ЖІӨ бойынша жаңартылған деректердің негізінде ақша-кредит саясаты мен төлем баланс көрсеткішінің болжамы жаңартылған.

«Жылдық инфляция 2020 жылдың соңына дейін 8,0%-ке дейін өзгереді. Оған азық-түлік бағасының қымбаттауы, айырбастау бағамының баға белгілеу процестеріне ауысуы және ақылы қызметтер инфляциясының жылдамдауы әсер етеді. 2020 жылы депозиттердің өсу болжамы 1,8%-тен валюталық депозиттерді қайта бағалау әсерін және олардың теңгелік салымдарға ауысуын ескере отырып, 8,7%-ке дейін нақтыланды. Ал депозиттер болжамын қайта қарай отырып, 2020 жылы ақша массасының өсу болжамы 4,7%-тен 10,8%-ке дейінгі аралықта болады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар