Ерболат Досаев биыл инфляция төмен болатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев биыл инфляция төмен болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылға біз инфляцияны 4-6 пайыздық нысаналы дәліздің төменгі шегіне жақын деңгейге дейін төмендету міндетін алға қойдық. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмсалатын күш-жігер, бірінші кезекте, азық-түлік нарықтарындағы бәсекелестікті арттыруға және реттелетін қызметтерге тарифтерді тиімді бақылауға бағытталуы тиіс», - деді Е. Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, бұл базалық ставканың бейтараптылығын нақты мәнде 3-3,5% деңгейінде қамтамасыз ету мақсатында ақша-кредит талаптарын жеңілдетуге алғышарттар жасауы тиіс.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляция мен валюта бағамына қатысты былтырғы жылғы қорытындыны жариялады,




Соңғы жаңалықтар