Ералы Тоғжанов Жаңаөзендегі екі мұнай кәсіпорынына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары барысында «Қазақ газ өңдеу ГӨЗ» ЖШС қызметімен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыт 40 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Өндірістік қауіпсіздікті сақтау мақсатында зауытты жаңғырту қажет. Қазіргі уақытта «Қазмұнайгаз» БӨ көмегімен зауытты дамытудың Стратегиялық жоспары жасақталуда. Онда кезең-кезеңімен цехтарды жаңартудың жолдары мен техникалық-экономикалық негіздемелер қарастырылады. Зауыттың ағымдағы жағдайы мен кәсіпорынның кірісіне қатысты мәселелер туралы «ҚазГӨЗ» ЖШС директоры Кәрім Нағманов айтып берді.

«Сұйытылған газдың бір тоннасының бағасы 34 мыңнан 11 мыңға дейін түсіп кетті. Сол уақыттан бері кәсіпорынның кірісі де азайды. 2016 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарламасынан кейін Маңғыстау облысы аумағында жалпы мерзімі 180 күнге созылған сұйытылған мұнай газының бағасын уақытша мемлекеттік реттеу кезінде сұйытылған газ бағасының бір тоннасы 28 мың теңгеге көтерілді. Дегенмен, зауытқа әлі де шығын келуде. Себебі сұйытылған газдың құны құрғақ газдың бағасынан төмен. «Маңғыстаумұнайгаз» мұнай өндіру кезінде автомосфераға табиғи газды жағады. Нәтижесінде 50 миллиондай газ жұмсалады. Кен-Сары, Емір Ойл және Қарақұдықмұнай кәсіпорындары да газ өндіреді. Ал ол газдардың барлығын өңдеу үшін және сатылымға шығару үшін бізге жіберуге болады. Бұл облысымыздың және көрші аймақтардың  қажеттілігін қамтамасыз етуге, ең алдымен, бағаны бақылауға алуға көмектесетін еді», - деп атап өтті «ҚазГӨЗ» ЖШС директоры Кәрім Нағманов.

- Зауыттың қызметіне қатысты мәселелер арнайы талқылауларды қажет етеді. Газ мәселесіне қатысты барлық тұлғалармен 25 наурыз күні жиналыс өткізуді ұсынамын, - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Осыдан кейін аймақ басшысы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасының ұжымымен кездесті.

Бүгінгі таңда «Өзенмұнайгаз» кәсіпорынында 9 234 адам қызмет етеді. Олардың барлығы Жаңаөзен қаласының тұрғындары. Мұнай өндіру көлемі 2016 жылы 5,5 млн. тоннаны құрады. Осы жылдың екі айы ішінде 872,8 мың тонна өндірілді, жылдық жоспар бойынша - 5,8 млн. тонна мұнай өндіру қажет.

«Мұнай өндіру 3 600 ұңғыға тең келеді. Біздер тәулігіне 15 мың тонна өндіреміз. Мұнай қоры 123 млн. тонна мұнайды құрайды. Компания құрылымында 16 кәсіпорын бар, оның ішінде, 4-уі мұнай өндірумен айналысатын негізгі кәсіпорын. Осы жылдан бастап геологиялық-барлау жұмыстарына кірісіп кеттік. Дағдарыс кезеңдеріндегі біздің басты мақсатымыз өзіміздің ғана емес, сондай-ақ, еншілес кәсіпорындарындағы да жұмыс орындарын сақтап қалу болды. Қызметкерлердің еңбекақылары мен әлеуметтік төлемдері де сақталды. 2015 жылы мекеме үшін қиын кезең болды, алайда мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында қазіргі уақытта өзін-өзі қаржыландыру деңгейіне жетіп келеді. Үкіметтің тапсырмасымен салық төлемі жеңілдетілді. «Қазмұнайгаз» барлау өндіру АҚ тарапынан ішкі нарыққа сатылатын мұнай бағасы көтерілді», - деп атап өтті «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов.

 

Соңғы жаңалықтар