Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында атқарылатын жұмыстарды атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында атқарылатын жұмыстарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл ерекше жыл – Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы. Тәуелсіздіктен асқан ешқандай құндылық жоқ деп ойлаймыз. Сондықтан 30 жылдың ішіндегі елдің жетістігін, соның ішінде биыл осы маңызды мерейтойды атап өтуді бірлесе талқылаймыз», - деді Е. Тоғжанов аталған Ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Үкімет басшысының орынбасары біраз министрліктердің қатысуымен тиісті талқылаулар болғанын, алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен жиындар жоспарланып отырғанын айтты.
«Бұл тақырыпқа ерекше көңіл бөлініп отыр. Оған байланысты мемлекеттік үлкен комиссия құрылғанын жақсы білесіздер. Сондықтан осы бағытта біраз жұмыс істейтін боламыз. Өздеріңіз білесіздер, Президент Тәуелсіздік мерейтойын атап өтудің басты қағидаларын атап көрсетті. Оның ішінде бірігіп жағымды өзгерістер мен ұтымды реформалар жасайтын жыл деп қабылдануы керек. Екіншіден, азаматтардың нақты мәселелерін, ең алдымен, әлеуметтік мәселелерді шешетін кезең деп қабылдауға болады. Жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде іске асыруға күш салып, Тәуелсіздік жылдары қол жеткізілген нәтижелерімізді ел ішінде де, халықаралық деңгейде де таратуымыз керек», - деді Ералы Тоғжанов.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат министрлігіне бірқатар міндет жүктеді
- Докторант диссертация жазбай-ақ ғылыми дәрежесін қорғай алады
- Ауылдық колледждер үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі қайта қаралады
- Шағын жинақты мектептердің педагогтары жалақы төлеудің жаңа жүйесіне көшіріледі
-
2025 жылға қарай 5 мың ауыл мектебіне жаңғырту жүргізу жоспарлануда
-
Алексей Цой бес жылда салынатын медициналық нысандар туралы айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам