+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Ералы Тоғжанов ШҚО-дағы бірқатар шектеу шарасын қабылдауды тапсырды

2020 жылғы 30 қазан 16:44
Бөлісіңіз:
Ералы Тоғжанов ШҚО-дағы бірқатар шектеу шарасын қабылдауды тапсырды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының 16 үйлестіру орталығы СOVID-19 инфекциясымен күресуге дайын Ресейде коронавирустан бір тәулік ішінде 596 адам қайтыс болды Қызылордада 6,3 млрд теңгеге модульдік аурухана салынып жатыр

Вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал бойынша облыс басшылығымен жедел кеңес өткізіп, облыс әкімі Даниал Ахметовтің қабылданып жатқан шаралар жөніндегі есебін тыңдады.

Кеңес қорытындысы бойынша Ералы Тоғжанов облыс әкімдігіне он күн мерзім ішінде өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша түбегейлі шараларды қабылдауды, Денсаулық сақтау министрлігіне консультативтік-әдістемелік көмек көрсету үшін жоғары білікті мамандарды өңірге жіберуді тапсырды.

Облыстағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында Ведомствоаралық комиссияның төрағасы бірқатар шектеу шарасын енгізуді тапсырды:

2 қарашадан бастап Өскемен қаласына кіру және шығу бойынша әуе қозғалысын азайту:

Нұр-Сұлтан қаласына/нан— аптасына 17-ден 7 рейске дейін;

Алматы қаласына/нан — аптасына 14-тен 7 рейске дейін;

Шымкент қаласына/нан — аптасына 2-ден 1 рейске дейін.

2 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша теміржол қатынасын аптасына 3-тен 1-ге дейін, Алматы – Өскемен бағыты бойынша аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарту;

жолаушылардың Шығыс Қазақстан облысынан әуе және темір жол көлігімен шығуы үшін COVID-19 теріс нәтижесі бар ПТР тестілеуінен өткендігі туралы анықтаманың міндетті түрде болуы қамтамасыз етілуін (берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын);

транзитпен өтетін теміржол құрамдарының облыс ішінде тоқтауына тыйым салу;

санитарлық бекеттерді орната отырып, Шығыс Қазақстан облысына кіруді және шығуды шектеу;

облыстың басқа қалалары/аудандары арасында халықтың қозғалысын сақтай отырып, Өскемен қаласының аумағына кіруге және шығуға тыйым салынуын;

демалыс және мереке күндері шектеу шараларын күшейту;

халық арасындағы байланыстарды азайту мақсатында қоғамдық көліктің қатынау санын ұлғайту;

қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтағы жұмыс форматына ауыстыруды қамтамасыз ету;

офлайн форматта жиналыстарды өткізуге тыйым салу;

кіреберістерде, лифтілерде, автотұрақтарда және балалар ойнайтын алаңдарда, азық-түлік базарларында және т. б. жерлерде дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету;

вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің (вахтаға кіру және шығу кезінде) толық көлемде ПТР тексерілуін қамтамасыз ету;

әуежайларға, теміржол вокзалдарына күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруіне тыйым салу (қолында билеті болған жағдайда ғана өткізу);

адамдар көп жиналатын орындарға ерекше назар аудара отырып, мониторингтік топтардың карантин режимін сақтау жөніндегі жұмысын күшейту;

карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде шараларды қабылдау.

Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуал ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT