Ералы Тоғжанов намазды далада оқу туралы: Бас имамдар шешім қабылдауы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты мешіттерде оқылатын намазды далада оқу ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет отырысында мешіттер, сауда орталықтары сынды көп адам жиналатын жерлерде коронавирустан алдын алу шараларын, тазалық сақтау, дезинфекция мәселелерін қолға алу туралы нақты тапсырмалар берілді. Мешіттерге айтылған ұсыныс бойынша бас имамдардың өздері шешім қабылдауы керек. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет қылу мешіттерде ғана емес, әрбір азамат үйінде де немесе өзіңіз айтқандай ашық аспан астында да ниет қыла алады. Бұл – әрбір азаматтың өз құқығы. Дегенмен, адам көп жиналатын жерлерде бұл мәселені ескеруіміз керек. Оңтүстік Кореядағы коронавирустың тарауына діни орындар да ықпал етті. Соны да ескеруіміз қажет және азаматтарды сақтандыруға тиіспіз», - деп жауап берді Е. Тоғжанов Үкімет үйіндегі брифингте журналист сауалына.

Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында министрліктерге бірқатар тапсырма берді.

Қазақстандық кәсіпорындар күніне 170 мың медициналық маска шығарады .



Соңғы жаңалықтар