Ералы Тоғжанов қазақстандық вакцина салдырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы қандай вакцина салғызғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, мен «QazVac» вакцинасын салдырдым. Әрине, бұл – қауіпсіздік пен денсаулықты қамтамасыз етудегі өте маңызды қадам. Сондықтан барлық қазақстандықтарға қажетті вакциналарды жедел қабылдауға кеңес беремін. Қазақстанда вакциналардың бірнеше түрі бар. Әзірге вакцинадан басқа жол жоқ», - деді Е. Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілер сұрағына берген жауабында.

Бұған дейін, Премьер-Министр орынбасары Қазақстанда вакциналау қарқыны көңіл көншітпейтінін және вакциналау санын арттыру талаптары күшейетінін айтқан еді.

Сонымен бірге, отандық «QazVac» вакцинасы ел азаматтарын қамтамасыз еткен соң ғана көрші елдерге жіберіледі.



Соңғы жаңалықтар