Ералы Тоғжанов «қаңтар оқиғасында» өртелген «Qazaqstan» арнасының ғимаратына барды
Е.Тоғжанов № 7 емхананың жұмыс барысымен танысты. Аталмыш емдеу орталығында барлығы 9 жоғары оқу орны мен 10 кәсіптік білім ордасы медициналық көмекке алынған. Қала бойынша студенттерге, ересектер мен балаларға қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ вице-премьер мегаполистегі Sadu орталығын аралап көрді. Спорт кешенінде жаттығып қана қоймай, күрес және басқа да спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізуге болады. Нысанның негізгі қызметі – жекпе-жек өнерінің түрлері бойынша оқу-жаттығулар өткізу. Ал кешендегі заманауи қонақүй спортшылардың барлық қажеттілігін ескере отырып жасалған.
Премьер орынбасары «қаңтар оқиғасы» кезінде тоналып, өртелген «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Алматы филиалында да болды. Ғимараттың ішін аралап, қалпына келтіру бойынша жұмыс барысын сұрады. Сапар барысында жаңа ғимараттың сызбалары таныстырылды.