Ералы Тоғжанов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған іс-шараларды атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған іс-шараларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазанда болған оқыс жағдайға байланысты бірден арнайы отырыс өткен болатын. Онда бірнеше нақты шешім қабылданды. Бірінші шешім нормативтік-құқықтық бағытты күшейтуге байланысты. Оның ішінде нақтырақ айтар болсақ, елімізде 6500-ге жуық мектеп, 800-ге жуық денсаулық сақтау және 500-ге жуық мәдениет нысанындағы қауіпсіздікке қатысты нақты іс-шаралар қабылданды. Екінші шешім оқыс жағдай немесе дағдарыс болғанда мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-қимылына байланысты нақты алгоритм қабылданды. Үшінші шешім жоғарыда аталған нысандардың материалдық-техникалық базасына қатысты болды», - деді Ералы Тоғжанов депутаттардың сауалына орай.

Оның атап өтуінше, өткен жылы еліміздегі мектептер 100 пайыз бейнебақылау камерасымен жабдықталған.

«Бірақ нақты талдаманың аясында олардың 23 пайызын қайта қарастыру қажеттігі анықталды. Оның бәрі оқу жылы басталғанша қалыпқа келтіріледі. Сонымен қатар мектептердегі агрессивтік мінез-құлықты төмендетуге бағытталған іс-шаралар қабылданады. Кибербуллигке байланысты мәселелерді де қарастырамыз. Интернет ресрустарды да жан-жақты бақылап отырмыз. Қысқа уақыттың ішінде 5 мыңға жуық заңға қайшы жұмыс істейтін ресурстар анықталды», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар