Ер адамның найзағай соққысынан тірі қалған сәтінің видеосы жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ көшелерінде орнатылған видеокамералардың біріне ер адамның басына жай түскен сәт түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видео Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған.

Роликте жаңбырлы күнде қолшатырмен серуендеп келе жатқан ер адамның басына жай түскені көрінеді. Абырой болғанда, оған найзағайдың кішігірім заряды тиген. Оның үстіне тура басына емес, оң қолының білек тұсынан жанай өткен.

Күтпеген соққыдан есінен айрыла жаздаған ер адам алдымен қолшатырын лақтырып жіберіп, артынша қайта алып, тұра қашқан.


Соңғы жаңалықтар