Ер адам 1,5 айдан бері табылмай жатыр – Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 1,5 айдан бері із-түссіз кеткен 49 жастағы ер адам әлі табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талғар аудандық полиция басқармасы 1971 жылы туған Хамит Анасұлы Мингазовқа іздеу жариялаған. Ол биыл 25 маусымда Талғар ауданының Бесағаш кентінде орналасқан «Петрол Азия» жанармай бекетінен белгісіз бағытқа кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған.

Хамит Анасұлының бойы 175-180 см., орташа денелі, көздері көк, шашы қара бұйра, мұртты.

Үстінде қара түсті джинсы, түсі ақшыл жейде, қара аяқ киім, алтын түсті жазуы бар қара қалпақ киген.

Полиция іздеу жариялаған тұлғаның мекенжайы немесе ол туралы қандай да ақпарат білетін адамдар 8 ( 7282 ) 600-232, 600-233 телефондарына немесе Талғар АПБ-не 8 (727) 295-61-05, 95-63-96 телефондары бойынша хабарласуын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар