Эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Алексей Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде сәуір айының ішінде эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алесей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап кеткені байқалады. Мәселен, сәуір айының 11 күнінде наурыз айының дәл осындай кезеңімен салыстырғанда коронавирус инфекциясының 24 955 жағдайы тіркелді. Науқастану өсімі 3 есе артып отыр. Тәулігіне 2 800-ге дейін науқас тіркеледі. Қостанай мен Түркістан облыстарын қоспағанда Қазақстанның барлық өңірінде ауру өсімі байқалады», - деді министр Үкімет отырысында.

Алексей Цойдың дерегінше, инфекциялық төсек-орындардың прогрессивті жоғары бос еместігі Алматы облысында, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында байқалады.



Соңғы жаңалықтар