ЕО Түркиядағы Сирия босқындарына €50 млн бөлді

Фото: None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одағы Түркиядағы Сирия босқындарына көмек бағдарламасы аясында 50 млн еуро көлемінде қосымша қаржы бөлді.

Бұл туралы Еуропалық комиссия хабарламасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркияның Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Қосымша қаржы медициналық, құқықтық көмек пен психологиялық және әлеуметтік қолдау үшін бөлініп отыр.

Аталмыш көмек Түркиядағы 1,5 млн адамды қамтитын Әлеуметтік ынтымақты қолдау бағдарламасының (SUY) бір бөлігі. Осы бағдарламаның арқасында сириялық босқындар пәтер жалдау, көлік, азық-түлік пен медикаменттердің ақысын төлей алады.

«Еуропалық комиссиясы 2021 жылдың маусым айында Түркиядағы босқындарды қолдауға 3 млрд еуро берілетіні туралы мәлімдеген болатын. Бұл қолдау шаралары 2024 жылға дейінгі аралықты қамтиды. 50 млн еуро осы қаржының бір бөлігі.

Аталған сома сонымен қатар 2021 жылдың желтоқсанында SUY аясында гуманитарлық көмек көрсету мақсатында бөлінген 325 млн еуроға қосымша бөлінген қаржы болып табылады. Тұтастай алғанда, 2021 жылдан бері Түркияға бөлінген қаржы көлемі 3,34 млрд еуроны құрап отыр»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар