ЕО Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін мақұлдады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ елшілері Ресейдің әскери қызметін қаржыландыру мүмкіндігін шектеуге бағытталған алтыншы санкциялар пакетін қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шаралар ЕО-ға мүше елдерге Ресейден теңіз арқылы жеткізілетін шикі мұнайды 6 айға, сондай-ақ мұнай өнімдерін 8 айға сатып алуға тыйым салады.

Санкциялар пакеті Сбербанкті, Мәскеу кредиттік банкін және Россельхозбанкті SWIFT халықаралық төлем жүйесінен ажыратуды, ресейлік компанияларға консалтингілік қызмет көрсетуге және бірқатар химиялық заттардың саудасына тыйым салуды қарастырады.

Сондай-ақ санкция шаралары гимнаст, Олимпиада чемпионы Алина Кабаеваға, ондаған әскери қызметкерге және Ресей қарулы күштерін құрал-жабдықтармен, материалдармен және қызметтермен қамтамасыз етуші компанияларға қарсы қолданылатын болады.


Соңғы жаңалықтар