ЕО елдерінің көшбасшылары Украинаға кандидат мәртебесін бермек

Фото: None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Еуроодақ елдері Украинаға одаққа кіруге үміткер мәртебесін ресми беруге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, бұл қадам осы аптада, 23-24 маусымда ЕО елдері көшбасшыларының саммитінде жүзеге асырылған. Бұдан бөлек, мемлекеттер Молдоваға, Грузияға кандидат мәртебесін беруге дайын, алайда қосымша шарттар орындалу керек.

Егер Киевтің ЕО-ға кіруге кандидат мәртебесі мақұлданса, Украина билігі одаққа кіру үшін қойылатын барлық талаптарға сай келудің бірақатар шарттарын орындауы тиіс: Жоғарғы Сотқа судьяларды тағайындау рәсімін заң жүзінде бекіту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, ақшаны жылыстатуға және олигархияға қарсы күрес жөнінде заңдар қабылдау, осы саладағы өз заңнамасын еуропалық нормалармен келтіре отырып, БАҚ-тың тұрақсыздығын болдырмау, сондай-ақ ұлттық азшылықтардың құқықтары жөніндегі құқықтық реформаларды аяқтау.

Еурокомиссия барлық тармақтар бойынша прогрессті мұқият қарап, келесі жылы сәйкес баяндама ұсынатыны аталып өтілді.


Соңғы жаңалықтар