ЕО 2020 жылы 30 мыңнан аса босқынды қабылдайды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 2020 жылы Еуроодақ елдері қоныс аудару бағдарламасы бойынша 30 мыңнан аса босқынды қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16-18 желтоқсан күндері Женевада өткен алғашқы Жаһандық босқындар форумында Еурокомиссия Еуроодақ елдерін қаржылай қолдау туралы мәлімдеді, олар 2020 жылы босқындарды орналастыруға 30 мыңнан аса орын бөлуге міндеттелді.

2020 жылы Түркия, Ливан, Иордания, Жерорта теңізі елдері, сонымен қатар Нигер мен Руанда босқындары басымдыққа ие болады.

2015 жылдан бері қоныс аудару бағдарламасы бойынша 65 мыңнан аса адам ЕО елдерінде өздеріне мекен тапты. Қабылдаушы ел әр босқын үшін Еуроодақ бюджетінен 10 мың еуро алады.

Қоныс аудару бағдарламасының мақсаты Еуроодаққа кірмейтін елдерде халықаралық қорғауға мұқтаж адамдарды анықтап, оларды Еуроодақ елдерінің біріне қоныс аудартып, босқын дәрежесін беру. Бұл Еуроодақтағы заңсыз көші-қонның қауіпсіз және заңды баламасы.

Соңғы жаңалықтар