Енгізілген карантинді ерте алып тастаса, вирус қайта өршуі мүмкін - Әлемдік баспасөзге шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей назарларыңызға әлемдік баспасөзге шолуын ұсынады.

Коронавирус иммунитеттің гиперреакциясын туғызады - The Wall Street Journal

COVID-19 жұқтырған адамдарда иммунитеттің гиперреакциясы пайда болуы мүмкін. Мамандар бұл жағдайда емді қалай жүргізу керек екенін зерттеп жатыр, деп жазады The Wall Street Journal.

«Иммунды жүйенің гиперреакциясы тек коронавирусқа емес, Covid-19 жұқтырған адамның өзіне үлкен зиян тигізуі мүмкін. Әсіресе, бұл коронавирустың ауыр формасына шалдыққан адамдарда байқалады. Бұл туралы дәрігерлер мен ғалымдар айтты. Енді олар потенциалды емге дұрыс бағдар пайда болды деп отыр», - деп жазады автор.

Мақала авторының айтуынша, пациенттерде вирусты инфекцияның қалай дамитыны туралы ақпарат әлі белігісіз. Дегенмен, көптеген сарапшылар өлімге вирустан гөрі, ағзаның гипербелсенді иммунды жауабы әкелетініне сенімді.

«Мамандардың айтуынша, иммунды реакция басқаруға келмей, емделушінің өкпесі басқа органдарға ауа жіберуді тоқтатады. Бұл тыныс алудың жтіспеушілігіне, кей жағдайда өлімге алып келеді. Дәрігерлердің айтуынша, иммунды жүйенің істен шығуы өкпенің қызметін әлсіретеді. Енді мамандар иммунды жүйенің белсенділігін азайтатын дәрілердің коронавирустың ауыр түріне шалдыққан адамдардың еміне көмектесетінін анықтамақ», - деп жазады автор.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус жұқтырған ауыр халдегі пациенттерде ауру екі сатыда болады. Алдымен иммунды жүйе вирусқа жылдам және тиімді әрекет етпейді. Одан кейін агрессивті жауап бере бастайды. Яғни, ағза вирусқа дұрыс жауап бермейді.


ДДСҰ: Енгізілген шектеулерді ерте алу қауіпті - ВВС

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың таралуын тоқтатуға бағытталған шектеулерді ерте алып тастау қауіпті екенін және бұл инфецияның қайта өршуіне алып келетінін айтты, деп жазады ВВС.


Тедрос Аданом Гебреисус мемлекет басшылары шектеулерді жеңілдету кезінде экономикалық қиындықтар туындап жатқан күннің өзінде абай болу керектігін айтты.

«Еуропаның коронавирустан ең көп зардап шеккен Испания мен Италия секілді меслекеттері кейбір қатаң шараларды алып тастай бастады. Қазіргі таңда әлем бойынша вирус жұқтырғандар саны 1,7 миллионнан асып, қаза тапқандар саны 100 мыңнан асты», - деп жазады автор.

Женевадағы виртуалды баспасөз конференциясында сөйлеген Тедрос Гебреисус кейбір Еуропа елдерінде эпидемия бәсеңдегенін айтты. Ол ДДСҰ шектеулерді жеңілдетуге байланысты стратегияларды үкіметтермен бірігіп жасайтынын айтып, бұл тым ерте болмауы керек екенін атап өтті.

«Шектеулерді ерте алып тастау вирустың қайта өршуіне алып келуі мүмкін. Бұл өте қауіпті, әрі оны басқару да қиын болады», - деді ол.


Мұнай нарығындағы баға соғысы қалай өрбуі мүмкін? - Forbes

Бейсенбі күні Сауд Арабиясы мен Ресей, ОПЕК+ басшылары мұнай көлемін қысқарту туралы тарихи келісімге келді. Осылайша мұнай соғысы тоқтағандай болып, баға қалыпқа келе бастады, деп жазады Forbes .

«2020 жылдың мамыр айынан бастап екі ай, яғни 30 маусымға дейін ОПЕК+ мүше мемлекеттер мұнайдың жалпы көлемін тәулігіне 10 млн баррельге дейін азайтады. Одан кейінгі алты айда, 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында мұнай көлемі тәулігіне 8 млн баррель болады», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, келіссөздер барысында 2021 жылдың 1 қаңтары мен 2022 жылдың 30 сәуірі аралығында мұнай көлемі тәулігіне 6 млн баррельге дейін төмедейтіні туралы келісілген.

«Келісім 2022 жылыдң 30 сәуіріне дейін іске асырылады. Оны ұзарту туралы шешім 2021 жылдың желтоқсанында қабылдануы керек. Дегенмен, жарияланған көлем бағаны өндірушілер үшін экономикалық тиімді диапазонға қайтара алмайды. Тіпті, қазіргі нарықты тұрақтандыру үшін тәулігіне 10 млн баррельге дейін қысқарту да жеткіліксіз болуы мүмкін», - дейді автор.

Мақалада Ресей мен Сауд Арабиясы бюджеттерін тұрақтандырып, валюта резервтерінің қысқаруын азайту үшін бағаның өскеніне мүдделі. Қазіргі баға деңгеінде Ресей 5-7 жыл, Сауд Арабиясы 3 жыл тұра алады.

«Коронавирус пандемиясының нәтижесінде ұшақ ұшпай, адамдар жұмысқа бармай жүр. Болжам бойынша, 2020 жылдың екінші кварталында сұраныс тәулігіне 15-35 млн баррель болуы мүмкін. Бұл бұрынғы күнделікті тұтыну мөлшерінің үштен бірін құрайды», - дейді автор.


Гонконг қонақүйлері қызметкерлерді роботтарға алмастырып жатыр – China Daily

Гонконг қонақүйлерінде қонақтармен байланысты азайту мақсатында робот қызметкерлер пайда болды, деп жазады China Daily.

«Коронавирус пандемиясы кесірінен көп жерде қысқарту жүріп жатыр. Дегенмен, L'hotel Group Гонконг қонақ үйлер операторы жасанды интеллектісі бар үш роботты жұмысқа алды. Олар 432 бөлмеге қызмет көрсетіп, карантинде жатқан адамдардың өзіне тамақ таси алады. Бір күнде бір робот 130-150 тапсырыс орындайды», - деп жазылған мақалада.

Автордың айтуынша, бір роботтың бағасы 100 мың доллардан асады.



Соңғы жаңалықтар