Энергия өндіруші ұйымдардың отынға берешегі көп - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Энергия өндіруші ұйымдардың отынға кредиторлық берешегі көп. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Электр стансаларында отын жинақтау жалғасып жатыр. Қоймаларында 3,5 млн тонна көмір және 90 мың тонна мазут жинақталған. Бұл жалпы бекітілген нормаларға сәйкес келеді. Өңірлерге жеткізілетін «әлеуметтік мазутқа» қатысты айтатын болсақ, 2021 жылдың тамызында Энергетика министрлігі күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік-өндірістік нысандар мен мекемелерге мазут жеткізу кестесін бекітті. Соған сәйкес мазуттың көлемі 195,5 мың тонна болды», - деді министр.

Оның айтуынша, энергия өндіруші ұйымдардың отын үшін ауқымды кредиторлық берешегі маңызды мәселе болып отыр.

«Осы жылдың 10 қыркүйегіне «ҚазТрансГаз-Аймақ» мекемесі алдындағы берешек 757 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ энергия өндіруші ұйымдардың «Богатырь-Көмір» кәсіпорны алдында жалпы сомасы 2, 629 млрд теңге берешегі бар»,- деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар