Энергетика министрлігі дизель отынын тапшылығын болдырмас үшін шаралар қабылдауда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрлігі Мұнай тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев орақ науқанында шаруаларды дизель отынымен қамтамасыз ету үшін Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары шегерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету кезінде олқылықтар болмауы үшін Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының уақыты шегерілді. Бастапқыда жөндеу жұмыстарын 24 шілдеде басталып, 24 күн бойы жалғасады деп жоспарланған болатын. Енді жөндеу ағымдағы 1 қазанда басталады. Бірақ жоспарлы жөндеу жұмыстарын түбі бір жүргізбесе болмайды. Өйткені зауыттың одан әрі қауіпсіз жұмыс істеуі жөндеу жұмыстарына тәуелді», - деді Бауыржан Сәлімгереев.

Айта кетейік, биыл күзгі егіс жұмыстарына деп диқандарға 440 мың тонна дизель отыны бөлініп отыр.

«Орақ жұмыстарын жүргізу және жем дайындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына 440 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ресурс ұстаушылардың босату бағасы «Павлодар мұнай-химия зауытында» ЖШС мен «ПКОП» ЖШС-да дизельдің тоннасын 189 мың теңгеден немесе литрін 159 теңгеден, ал» Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-да тоннасын 187 мың теңгедене немесе литрін қосымша құн салығын қосқанда 159 теңгеден алуға болады. Жеткізу мен сақтау шығындарынескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен литріне 175-180 теңге болады. Бұл жанармай құю стансаларындағы бағадан арзан», - деді Бауыржан Сәлімгереев.


Соңғы жаңалықтар