Энергетика министрі: «Сарыарқа» газ құбырының 2-3 кезеңдерін салу пысықталуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2 және 3 кезеңдерін салу мәселесі пысықталуда. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың желтоқсан айында Елбасымыздың «Бесінші әлеуметтік бастамасына» сәйкес ұзындығы 1061 шақырым болатын «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының І кезеңі пайдалануға берілді. Қызылорда облысынан бастау алатын «Сарыарқа» газ құбырының І кезеңі елорданы, орталық және солтүстік өңірлердің бір бөлігін экологиялық таза отын түрімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміз үшін маңызды тарихи оқиғалардың бірі болып саналады. Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2 және 3 кезеңдерін салу мәселесі пысықталуда«, - деді Нұрлан Ноғаев.

Оның айтуынша, халыққа газ беру үшін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 1-ші кезеңінің трассасы бойында Нұр-Сұлтан қаласында, Қарағанды және Ақмола облыстарында газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде.

«Елорданы газдандыру 3 кезекке бөлінген. Қазіргі уақытта әкімдік 9 іске қосу кешені бар 1-ші кезектің құрылысын жүргізуде. Елорданы газдандырудың 2 және 3 кезегі бойынша қазіргі уақытта жобалау жұмысы жүргізілуде. Қарағанды облысында автоматтандырылған газ тарату стансаларынан Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларына бұру мен тарату желілерін салу қарастырылған. Барлық үш қалада 1-кезектегі бір іске қосу кешендері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде»,- деді ол.

Министр Ақмола облысында газ тарату желілерінің құрылысы

2 кезекке бөлінгенін айтады.

«1-ші кезекте Аршалы және Целиноград аудандарының 20 елді мекенін газдандыру үшін 13 жобаны іске асыру қарастырылған. Газдандырудың 2-ші кезегінің нысандары жобалау сатысында», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар