+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Енді Қытайдан келгендердің бәрі 14 күн карантинде болады - Бекшин

2020 жылғы 17 ақпан 19:24
Бөлісіңіз:
Енді Қытайдан келгендердің бәрі 14 күн карантинде болады - Бекшин

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш шекара бекетінде орналасқан медициналық пунктілерді тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 386-ға жетті Ақмола облысының 3 ауданына шектеу енгізіледі Атырауда «Жусан» операциясы бойынша елге оралған әйелдер маска тігіп жатыр

Қазіргі уақытта «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы наурыздың біріне дейін жабық тұр. Ал жолаушылар тасымалы тоқтаған «Nur joly» мен «Алтынкөл» бекеттерінде санитар-эпидемиолог мамандар күшейтілген режимге көшкен.

Қазір Жаркент қаласында 100 адамға арналған арнайы санитарлық оқшаулау орны дайын. Сондай-ақ, қажет бола қалған жағдайда қолданылатын қосымша 160 орын қарастырылған. Барлық санитар-эпидемиологтар толық медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген.


«Ақпанның 20-сынан бастап Қытайдан келген адамдардың барлығы 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады. Өйткені бұл вирусты жұқтырған адамнан бірден ешқандай сырқат белгілері байқалмауы мүмкін. Коронавирустың ағзадағы жасырын кезеңі 14 күннен 24 күнге дейін созылу фактісі анықталған. Қытайдан өткен азаматтар 14 күн жатып шыққаннан кейін де он күн толық бақылауда болады. Сол себепті сақтық шаралары жүргізіліп жатыр», -деді Жандарбек Бекшин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT