+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Еңбекке қабілетті мүгедектер қандай жұмысқа орналастырылады

2020 жылғы 2 желтоқсан 10:24
Бөлісіңіз:
Еңбекке қабілетті мүгедектер қандай жұмысқа орналастырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамту көрсеткіштерін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде Қазақстанда 705 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оның ішінде 430 мыңы – еңбекке қабілетті жастар, 181 мыңы – зейнет жасында және 94 мыңы – балалар. Биыл әлеуметтік төлемдерге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтермен қамтамасыз етуге 448 млрд теңге бағытталды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық», - деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, еңбекке қабілетті жастағы мүгедек жандардың жалпы санынан 100 мың адам немесе 23 пайызы жұмысқа тартылған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 30 процентке дейін ұлғайтуды жоспарланған.

«Еңбек» бағдарламасы аясында биыл 13 мың мүгедек жан жұмысқа орналасты, 626 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 830 өтеусіз грант және 350 шағын несие берілді. Қазіргі уақытта мүгедек адамдарға арналған кәсіптер атласы дайындалуда, мүгедек адамдарды сұранысқа ие мамандықтарға, оның ішінде IT дағдырлары бойынша оқыту жүргізілуде. «Даму» қорымен бірлесіп, мүгедек адамдардың қатысуымен іске асырылатын 76 бизнес жобаны қолдау шаралары басталды», - дейді Б. Нұрымбетов.

Мемлекеттік органдармен бірлесіп, мүгедек адамдарды мемлекеттік қызметшілер қатарына тарту бойынша да жұмыстар жүруде. Биылғы 1 қарашада олардың саны 701 адамға жетті, оның ішінде 391 адам Мемлекеттік басқару академиясының онлайн курстарынан өткен.

«Өңірлерде кәсіпорындар мен мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша белгіленген квоталарды орындау бойынша жұмыс жүргізу өзекті болып қалуда. Бүгінгі таңда кәсіпорындардың 36 пайызы заңнама талаптарының орындалуын қамтамасыз еткен. Әкімдерге осы мәселеге ерекше көңіл бөлуді сұраймыз», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT