Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Төлеби тұрғындарымен кездесті

None
None
ЛЕҢГІР. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданындағы жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Жылқыбаев жұмыс сапарымен келді. Ол орталықтың жұмысымен етене танысып, жергілікті халықпен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімдерін аралап көріп, оның ішінде клиенттермен жұмыс жасау және «АӘК еңбек нарығы» базасын, «Е-халық» АЖ-де АӘК түрін анықтау үшін еңбекке қабілетті адамдардың әлеуметтік мәртебесінің дұрыс белгіленуін тексерді.

Сонымен қатар, шартты ақшалай көмек алушылар арасында әлеуметтік келісімшарттың барлық шарттарын жасасу және сақтау фактісінің сапасын қарап шықты. Халықты жұмыспен қамту орталығы ұсынған мемлекеттік қызметтерге тоқталып, оның тиімді тұстарын сөз етті. Шағын несие беру, кәсіптік оқыту, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер мен жұмыс берушілермен келісім-шарттарды заңдастыру бойынша белсенді жұмыстар туралы кеңестер берді. Сонымен қатар, халыққа қызмет көрсету залын, жұмыс іздеушілер бөлімі және жұмыс берушілерге қолдау көрсету аймағын аралап, жұмыс нысандарымен танысты.

Бұл күні ауданда сондай-ақ, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада 60 жұмыс беруші мекемелерден 342 бос жұмыс орындары және қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарынан 7 мамандық бойынша 92 орын ұсынылды. Бос орындар жәрмеңкесіне 130-дан астам адам қатысып, 67 адамға жұмысқа жолдама берілді. Қалған азаматтар жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілермен әңгімелесу жүргізіп, кеңес алды және қысқа мерзімді кәсіптік оқу курстарына өтініш білдірді.

Соңғы жаңалықтар