Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдауы қашықтан жұмыс режіміне ауысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек министрлігінің қоғамдық қабылдауы қашықтан жұмыс режіміне ауысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының аумағында 2020 жылғы 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын короновирустан қорғау мақсатында министрлік Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын және азаматтарды қабылдауды 2020 жылдың 16 наурызынан бастап уақытша тоқтатынын хабарлайды.

Барлық өтініштер министрліктің интернет-ресурсы, әлеуметтік желідегі ресми аккаунттары, e-gov электрондық үкімет порталы және Қазақстан Республикасы Президентінің виртуалды қабылдау бөлмесі арқылы электронды түрде қабылданады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоға 8 7172 74 37 23 телефоны арқылы хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар