Еңбек мигранттары үшін әлемдегі ең тартымды ел анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Әлем бойынша еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға көшіп баруды қалайды. Сондай-ақ, жұмыс істеу үшін тартымды елдер қатарына АҚШ, Австралия және Германия кірді, делінген BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде, деп хабарлайды ТАСС.

«Канада АҚШ-ты ығыстырып, еңбек мигранттары үшін ең тартымды елге айналды», - делінген зерттеу қорытындысында. Зерттеушілердің мәліметінше, оны респонденттердің 24% таңдаған.

Атап өтейік, 2014 және 2018 жылдары жүргізілген осыған ұқсас зерттеуде мигранттар арасында ең танымал елдер рейтингісінде Канада үшінші орын алған. АҚШ жұмыс істеу үшін көшіп баруға тартымды елдер тізімінде екінші болып тұр, бұл ел үшін респонденттердің 20 пайызы дауыс берген, тура сондай дауыс санын Австралия да жинаған. Сұралғандардың 19 пайызы еңбек ету үшін Германияға, тағы 14 пайызы – Ұлыбритания мен Жапонияға көшіп баруға ниет білдірді.


Соңғы жаңалықтар