«Еңбек» көші қандай мамандықтар тапшылығын жоя алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» бағдарламасы арқылы өңірлерде қандай мамандықтар тапшылығы жойылғанын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы жұмыс берушілердің еңбек ресурстарына қажеттілігін және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мүмкіндігін ескере отырып айқындалады. Бұл ретте, қоныс аударушыларды қабылдау өңірлерінде мал дәрігерлері, аграномдар, мұғалімдер, дәрігерлер, зоотехниктер, жоғары өнімді техника механизаторлары сұранысқа ие болып келеді», - деп жазылған министрліктің редакция сауалына жолдаған жауабында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ведомство соңғы 4 жылда оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасыларға қанша ақша жұмсалғанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар