+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

«Еңбек» бағдарламасына қатысуда тараздық әйелдер белсенді – бірінші вице-министр

2019 жылғы 14 қараша 21:06
Бөлісіңіз:
«Еңбек» бағдарламасына қатысуда тараздық әйелдер белсенді – бірінші вице-министр

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының өңірдегі қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Міндетін орындай алмайтын ЖОО-лар мен колледждер қысқартылуы мүмкін - Сапарбаев Көкшетауда «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығы ашылды Түлкібас ауданының әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады

Ержан Жылқыбаев Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, халықты Жұмыспен қамту орталығына және Мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарына ат басын бұрды. Кездесулер барысында бірінші вице-министр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, мүгедектер мен жұмыссыздарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол биыл мүгедектерге берілетін жәрдемақыға жалпы 315 миллиард теңге бөлінгенін, бұл өткен жылға қарағанда 10 пайызға артық екендігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту, қызметтер мен оңалту құралдарының сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсету порталы енгізілетінін хабарлады.

Тараз қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен әңгімелесу барысында, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында гранттар мен микрокредиттер беру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көпбалалы және табысы аз отбасыларды кәсіпкерлікке белсенді түрде тартуды тапсырды. Ол үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында «Бизнес бастау» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан бастап, гранттар мен микрокредиттер беруге дейінгі барлық қажетті құралдар бар. Жамбыл облысында өз бизнес-жобаларын қорғаған 2 934 адамның 1 046-ы микрокредит алды. Жоспарланған 1 783 гранттың тек 1 314 немесе 73,7 пайызы ғана берілді. Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін оларды микрокредиттер мен гранттар беру бойынша жұмысты жандандыру қажет деп санаймын», – деді Ержан Жылқыбаев.

Министрдің бірінші орынбасары «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру аясында микронесие алғаннан кейін өз бизнесін табысты дамытып отырған тараздықтармен кездесті. Ол тараздық әйелдердің белсенділігін айрықша айтып өтті.

«Таразда мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланудың оңтайлы мысалдары бар. Мен әйелдердің белсенділігін атап өткім келеді, «Еңбек» бағдарламасына қатысушылардың бірі сұлулық салонын, екіншісі – ойын клубын, ал үшіншісі – тротуар тақталарын, қабырға блоктарын, жол жиектерін, қаптау материалдары өндірісін ашқан. Ең бастысы, бұл әйелдер өз отбасыларының материалдық жағдайын жақсартып қана қоймай, басқа адамдарды жұмыспен қамтып отыр», – деп атап өтті Жылқыбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT