«Еңбек» бағдарламасы арқылы қосымша 46 мың адамға жұмыс тауып беруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 735 мың адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының әлеуеті толығымен пайдаланылады. Биыл бағдарламамен 735 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Оған республикалық және жергілікті бюджеттен биылға 123 млрд теңге көзделген. Бағдарламаны жетілдіру мақсатында қосымша әлеуметтік осал топтарға шағын несие беру және өз микробизнесін ашуға арналған грант беру тәртібі мен талабы жеңілдетілді. Қосымша қаражат бөлінген жағдайда «Еңбек» бағдарламасымен тағы да 46 мың азаматты тартуға мүмкіндік болады»,- деді министр.

Оның атап өтуінше, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмыспен қамтылу деңгейін сақтау мақсатында жұмыскерлерді жұмыстан босатуды жоспарлаған кәсіпорындар, оларды жұмысқа орналастыру шаралары күнделікті мониторингке алынған.

«Кәсіпорындармен жұмыскерлердің ағыны жөніндегі жол карталарын, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау бойынша меморандум жасау жұмысы жалғаса бермек. Елдегі тәуекел аясында жүрген барлық кәсіпорындар, бірінші кезекте жалақы берешегіне жол бермеу мақсатында алдын алу бақылауымен қамтамасыз етіледі», - деді Біржан Нұрымбетов.


Соңғы жаңалықтар