«Еңбек» бағдарламасы: 1070 атыраулық 2,6 млрд теңге грант пен несие алған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында былтырғы 11 айда «Еңбек» бағдарламасымен кәсіпкерлікті дамыту үшін 1070 адам жалпы көлемі 2,6 млрд теңгеге грант пен несие алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, «Еңбек» бағдарламасымен 24 965 адам қамтылған.

«Аталған бағдарлама аясында 12 881 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Ал, 7 927 адам қоғамдық, әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына тартылды. Сондай-ақ, бағдарламаның бірінші бағытымен қысқа мерзімді оқуға 1 814 адам жіберілді. Техникалық және кәсіптік бағыттағы колледждерде 466 адам оқуын жалғастыруда» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында кәсіпкерлерді қолдауға 4,9 млрд теңге бөлінгенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар