«Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілікті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Еңбек-Ақтөбе» филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлық жасау күдігіне ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджет қаражатын аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге сомасында қаражат алу мүмкін.

«Күдіктінің кінәсін мойындауына және қорғаушысымен бірге келетіндігіне кепіл беруіне беруіне байланысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдікті кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деп атап өтеді ведомстводан.





Соңғы жаңалықтар