+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ең ірі криптовалюта биткоин 10%-дан аса қымбаттады

2021 жылғы 14 маусым 14:58
Бөлісіңіз:
Ең ірі криптовалюта биткоин 10%-дан аса қымбаттады

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Биткоин криптовалютасының құны 9,8%-ға немесе 3 492,71 долларға өсіп, өткен жексенбіде 39 035,47 долларға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Сидней тұрғындарына үйден 10 шақырымнан артық ұзап кетпеуге нұсқау берілді Әзербайжанда COVID төлқұжаттарын тексеруге арналған мобильді қосымша таныстырылды ДДҰ электронды темекінің таралымын шектеуге шақырады

Ең ірі электронды валюта биткоин осы жылдың 4 қаңтарымен салыстырғанда 40,7%-ға қымбаттаған. Ол кезде биткоин құны 27 734 доллар болған.

Ethereum – әлемдегі екінші ірі криптовалюта. Ол 7%-ға немесе 165,77 долларға өсіп, жексенбі күні 2 532,77 долларға сатылған.

«Tesla Inc» компаниясының басшысы Илон Маск жексенбі күні өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі биткоинды «өндіру» кезінде дәстүрлі жолмен өндірілген энергия үлесінен асқан жағдайда, биткоинды қолданудың қайта жанданатыны туралы хабарлады.

Қазіргі кезде Tesla өз тауарларын сату кезінде биткоинды қабылдауды тоқтатқан. Бұл өз кезегінде Илон Масктың криптовалюта «өндіретін» компьютерлердің көп энергия жұмсайтыны туралы алаңдаушылығын тудырды.

Авторы: Әділет Сейілханов


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT