Эмомали Рахмон Елбасының тезірек сауығып кетуін тіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан жеделхат келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эмомали Рахмон Елбасының коронавирус жұқтырғаны туралы хабарды алаңдаушылықпен қабылдады.

«Сізге бауырластық қолдауымды білдіргім келеді.

Шын жүректен тезірек толық сауығып кетуіңізді және ұзақ ғұмыр, бақ-береке тілеймін.

Сізге деген зор құрметім мен ыстық ықыласымды қабыл алыңыз», - делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді.
Соңғы жаңалықтар