Елжан Біртанов Назарбаев әуежайындағы санитарлық бекеттің жұмысымен танысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов Нұр-Сұлтандағы Назарбаев әуежайында орналасқан санитарлық карантиндік пунктке барды.

Министр Қытайдан келетін ұшақтың жолаушыларын тексеру шараларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook -парақшасына сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгінде елорда әуежайында ҚХР-дан келген 6 мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Олардың барлығы ұшақтан түспей тұрып сауалнама толтырады. Ол Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды 14 күн бойы бақылауда ұстау үшін қажет.

Жалпы, профилактикалық жұмыстар 6 қаңтарда басталған. Е.Біртанов санитарлық карантиндік пункттегі сақтық шараларын күшейтіп, мамандардан тек ұшақ бортында ғана емес оқшаулау бөлмесінде де арнайы костюм киіп жүруді талап етті.

Сондай-ақ Е.Біртанов Назарбаев әуежайындағы оқшаулау бөлмесін кеңейту туралы тапсырма берді.


Соңғы жаңалықтар