Елжан Біртанов: Қытайдағы коронавирус жағдайына күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайдағы жалпы санитарлық жағдай жақсарып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытайдағы 16 мыңнан астам науқас емделіп, ауруханалардан шықты. Бірақ өкініштісі 2 121 науқас коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Жалпы Қытай Халық Республикасы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Күн сайын жаңа аурудың қарқыны азайып келе жатыр. Күн сайын тіркелген науқастар жөнінде есеп жүргізіп отырмыз. Жалпы Қытайдағы жалпы санитарлық жағдай жақсарды деп айтуға болады. Сырқат жұқтырғандар саны төмендеп келеді», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуына қарағанда әлемнің 29 елінде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар тіркелген.

«Кеше түнде Иранда екі науқас тіркелді. Шетелде тіркелгендердің ішінде бес науқас қайтыс болды. Біз басқа мемлекеттердегі коронавирус инфекциясының тіркелуін зерделеп отырмыз. Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы штабы мен ведомствоаралық комисиясының бақылауда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар