+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті

2020 жылғы 21 ақпан 18:58
Бөлісіңіз:
Елжан Біртанов Қытай елшісімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚХР Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяо мырзамен жүздесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтоты Райымқұлова: Отанына қайтарылған әр турист жіті тексеруден өтті Роза Рымбаева көпшіліктің сұрауымен онлайн режимдегі екінші концертін ұсынады Қызылордалықтар коронавируспен күрес жөнінде 400-100 нөміріне хабарласа алады

Тараптар коронавирус бойынша қазіргі эпидемиологиялық жағдайды және вирустың таралуына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Елші мырза Қазақстандағы вирустың алдын алу жұмыстарын жоғары бағалады.

«Жаңа коронавирус қанша қауіпті болса да, біз оны емдей аламыз. Жеңістің ауылы алыс емес екеніне сенімдімін. Біз жауапкершілікті, бірінші кезекте, көрші елдер алдындағы жауапкершілікті жақсы түсінеміз. Қазақстан - Қытайдың басты сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Және Қазақстан Үкіметі коронавирусқа қарсы күрес бойынша уақытылы және дер кезінде өте дұрыс шаралар қабылдады» – деді дипломат.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та Қытай халқына қолдау білдірді.

«Қытай халқының аталған вируспен күрес жолындағы ерлігін жоғары бағалаймыз. Әсіресе, Қытайдың медициналық қызметкерлерінің батылдығы мен өз жұмысына жан-тәнімен берілгендігін ерекше атап өткім келеді, олар мыңдаған адамды құтқаруда. Сіз арқылы қытайлық әріптестеріме алғыс айтқым келеді. Біз барша дәрігерлерге, әрине, достас Қытай халқына шыдамдылық пен елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ертерек жақсаруын тілейміз», - деп түйіндеді өз сөзін ведомство басшысы.

Тараптар коронавирусқа қарсы күресті және оның Қазақстанда таралуына жол бермеу жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT