Елжан Біртанов дәрігерлерге, полицейлерге, еріктілерге алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге алғыс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жолында жан салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ерекше алғыс білдіремін.

Сіздер елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігін күзеттіңіздер. Біз Сіздердің еңбегіңізді бағалаймыз және елдің амандығы үшін үлкен үлес қосқандарыңызды түсінеміз. Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің, батылдық пен ынтымақтың айқын үлгісі!

Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін!», деп жазды Елжан Біртанов Facebook -тегі парақшасында.



Соңғы жаңалықтар