Елші Корея президентінің Орталық Азияға сапары не себепті кейінге қалдырылғанын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға сапары датасының ауыстырылуын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы саммиттердің (екі Корея мен КХДР-АҚШ арасындағы) тарихи маңыздылығын ескере отырып, Корея Республикасының президенті елді тастап кете алмайды. Сондықтан, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сапар кейінгі қалдырылды. Бұл ақпаратты дипломатиялық каналдар арқылы мемлекет басшылығына хабарлағанымызда, Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды өте жақсы түсінді. Ол Корея түбегіндегі келіссөздердің бейбітішілік пен тыныштық әкелуі үшін табыс тіледі. Түсініспеушілік болған жоқ», - деді елші Астанадағы баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда сапардың қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз екендігін мәлім етті.

Ол Мун Чжэ Ин мен КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның 27 сәуірде екі Кореяның шекарасындағы Пханмунчжом жерінде кездесетінін еске салды. Кейінірек Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп кездеседі.

«Тарихта АҚШ пен КХДР мемлекет басшылары ешқашан кездеспеген. Егер тараптар келісімге қол жеткізсе, бұл «ғасыр мәмілесі» болады. Қазіргі таңда саммиттің қайда өтетіні талқыланып жатыр», - деп түсіндірді дипломат.

Сонымен қатар, елші Ким Дэсик Қазақстанның тек Корея түбегін ғана емес, жалпы әлемді ядролық қарусыздандыруға қосқан үлесін атап өтті.

«Қазақстан біз үшін Орталық Азиядағы маңызды ел болып табылады. (...) Қазақстан халықаралық алаңдарда Корея Республикасын қолдап, КХДР-ге ядролық қарусыз-ақ өмір сүруге болатынын үнемі білдіріп жүр. Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Қазақстандағы Семей ядролық полигонын жапты. Осы арқылы әлемдік қауіпсіздікке үлкен үлес қосты. Сондай-ақ, ол үнемі ядросыз әлем құруға байланысты бірқатар бастамаларды көтеруде», - деді диломат.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Кореяға алты рет сапарлаған. Жалпы, екі елдің басшылары арасында жоғары деңгейде 13 кездесу болған.

Ким Дэсик Қазақстанның барлық кездесулер мен саммиттерде Корея түбегін ядролық қарусыздандыру мәселелері бойынша Корея Республикасының ұстанымын қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдірді. 

Соңғы жаңалықтар