Елорданың ұзаққа созылған құрылыс нысандарында қандай жұмыс жүргізілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала әкімі Алтай Көлгінов проблемалық тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Мәселен, «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде барлық терезе орнатылды және ішкі инженерлік желілер жүргізілді. Ғимараттың қасбетін нығайту, кіреберістерде плиткалар орнату жалғасуда.

А. Көлгінов атап өткендей, құрылыс қарқыны әлсіз, ТК аумағындағы жұмысшылар санын арттыру қажет.

«Территория Комфорта-2» тұрғын үй кешені 2004 жылы салына бастаған. Қала әкіміне тұрғындар асфальт төсеуді сұрады. Үйге техникалық тексеру жүргізілді және жол бөлігі асфальтталды. Ғимараттың қасбетін нығайту және паркингтің құрылымын нығайту керек.

Қалада барлығы 51 (76 үй) проблемалық тұрғын үй кешені бар. Жыл соңына дейін 10 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Құрылыс барысын Nur Otan және мәслихат депутаттары бақылайды.

Соңғы жаңалықтар