Елорданың Үркер шағын ауданының жолдары келер жылы жөнделетін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы елорданың Үркер шағын ауданының жолдарын салу жұмыстары басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, Үркерге айрықша назар аударамын. Бастапқыда-ақ қала әкімінің нұсқауы болған еді. Бұл шағынауданда коммуналдық желілер салуда проблемалар орын алған. Биыл біз ақша бөлдік және тұрғындардың пікірлерін ескере отырып, осы жылы тек коммуналдық желілер салайық деп шешім қабылдадық. Бұл мердігер асфальт жабындысын төсеуге босқа ақша шығындамау үшін жасалып отыр. Яғни, тұрғындардың шешімімен биыл коммуналдық желі тартсақ, ал келесі жылы жол салуға кірісеміз», - деді ол Facebook-тегі Астананың адалдық алаңы парақшасында өткен онлайн брифинг барысында.

Сонымен қатар, ол «Самұрық-Қазына» қорының көмегімен «Үркер» шағынауданында бір хоккей корды салынғанын атап өтті.

«Жоспарымызда мұндай жұмысты жалғастыру бар. Ақылдаса отырып оларды қай жерлерде салатындығымызды шешуге тиіспіз. Бізде 6 ай қыс болады. Сондықтан жағдайдың өзі қысқы спорт түрлерін дамытуымызды талап етіп отыр», - деді Берік Жәкенов.


Соңғы жаңалықтар